Біз туралы

  • Home
  • Біз туралы

Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 160 орындық, қазіргі таңда 160 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 7 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды., 2019 жылдың қазан айынан бастап, қазіргі таңда 160 тәрбиеленуші 7 топқа «Ласточка» мектеп алды  тобына, «Қарлығаш» ересек тобы,

«Балауса» әртүрлі жастағы балалар тобына, «Жұлдыз» әртүрлі жастағы балалар тобына,

«Солнышко» аралас жас тобына,«Қызғалдақ» әртүрлі жастағы балалар тобына,«Балапан» аралас тобына топтастырылған.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік және орыс тілінде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог, логопед бөлмелері, музыка залы бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Балабақшада лицензияланған медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал – сайман жабдықтармен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші бөлмесі;
  • Әдістемелік бөлмесі;
  • Психолог бөлмесі;
  • Музыка залы
  • Теледидар – 7 дана;
  • Компьютер – 5 дана;
  • Ноутбук – 1 дана;
  • Принтер-3 дана.
  • Түрлі-түсті принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі»,

«Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.